Энергетика саласының қызметкерлері арзан ипотекамен үй ала алады

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Энергетика саласының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі
Энергетика саласының қызметкерлеріне жеңілдетілген ипотека беріледі /shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Энергетика министрлігі сала мамандары үшін арнайы жеңілдетілген ипотека ашылатынын айтты. Жаңа ипотека бағдарламасы Қазақстандағы «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылады.

Ипотека «Отбасы банктің» «Корпоративтік» бағдарламасы негізінде берілмек. Сонымен қатар жұмысшының баспаналы болуына жұмыс беруші де (кәсіпорын) тікелей атсалысады.

«Отбасы банктің» негізгі шарттары қандай?

Банктің ресми мәліметінше, бағдарлама арқылы баспана алудың талаптары өте тиімді:

  • Алғашқы жарна 0%-дан басталады, яғни, ақша жинамай-ақ алуға мүмкіндік бар;
  • Несие мөлшерлемесі жылдық 5%-дан басталады;
  • Үйдің бағасына шектеу жоқ;
  • Жаңа үйлерден (бастапқы нарық), қолданыста болған үйлерден (қайталама нарық) немесе құрылысы жүріп жатқан үйлерден (үлестік қатысу) үй сатып алу мүмкіндігі бар.

Жұмыс берушілер қалай көмектесе алады?

Бағдарлама аясында кәсіпорындар өз қызметкерлеріне бірнеше жолмен қолдау көрсетеді:

  • Банкке несие беру үшін қаржы бөледі.
  • Банкке кепіл ретінде ақша аударады.
  • Банктің бағалы қағаздарын сатып алады.
  • Қызметкерге алғашқы жарна үшін пайызсыз қарыз береді.
  • Өз меншігіндегі үйлерді қызметкерге кейін сатып алу құқығымен жалға береді.

Егер қызметкер жұмыстан шығып кетсе немесе несиесін төлей алмаса, банк компания салған қаражаттың 100% қайтарылуына кепілдік береді.

Аталған шараларды іске асыру жас мамандарды тарту, кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру және жаңа әрі жаңғыртылған энергетикалық қуаттарды тиімді пайдалануға қажетті тұрақты мамандар базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап елімізде ипотека мөлшерлемесі өзгереді.

Сондай-ақ оқыңыз