Швейцария соты Гүлнара Каримова ісін тоқтатты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Гүлнар Кәрімовадан
Гүлнара Каримова Өзбекстанда түрмеде отыр / фото: woman.ru; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Швейцария соты 28 сәуірде Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримованың ісін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Kursiv.Media Reuters мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Швейцарияның федералдық қылмыстық соты Гүлнара Каримоваға қатысты іс бойынша сот процесін тоқтатты. Сот экс-президент қызының Өзбекстанда түрмеде отырғанын, елден шыға алмауына байланысты сот отырысына қатыса алмайтынын ескерген.

Бұған қоса, судья қылмыс мерзімінің ескіруіне байланысты үкім шығару мүмкін емес деп шешкен.

Естеріңізге сала кетейік, Швейцариядағы сот бір күн бұрын – 27 сәуірде басталған. Экс-президент Ислам Каримовтың қызына пара алды, «The Office» («Кеңсе») деп аталатын қылмыстық ұйымды басқарды деген айыптар тағылған. Бұл іс 20 жыл бұрын басталған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Каримова басқарған «The Office» 2005-2013 жылдар аралығында Швейцариядағы шоттарға жүздеген миллион доллар жолдаған.

Гүлнара қазір Өзбекстанның Зәңгіата ауданындағы әйелдер колониясында отыр. Президент қызы 2014 жылы қамауға алынған. Оның жазасы 2028 жылғы желтоқсанда аяқталуға тиіс. Сарапшылардың пікірінше, Каримова саяси іспен сотталғандықтан, оның бостандыққа шығуына өзбек билігінің тиісті үкімі қажет.

Сондай-ақ оқыңыз