Нұрлан Смағұлов Алматыға тағы бір жаңа ғимарат салмақшы

Алматыдағы Розыбакиев көшесінің бойында орналасқан MEGA Alma-Ata сауда орталығы алдында жаңа ғимарат бой көтереді. Ол жерде тұрған шолу дөңгелегін алып тастап, Fitnation фитнес клубын сүруі мүмкін. Бұл туралы Forbes Kazakhstan журналына берген сұхбатында кәсіпкер Нұрлан Смағұлов айтты.
«Біз бірінші маусымда оны (Fitnation – ред.) сүріп бастаймыз. Ал айналу шеңберін алып тастап, басқа жерге орнатамыз. Fitnation сүріледі. Ол жерге басқа ғимарат салынады, мүлде басқа орын болады», – деді бизнесмен.
Бірақ нақты қандай нысан болатынын ашып айтпады.
«Мұны алдымен қала әкімдігімен келісуім керек. Сол жерде қала құрылысы кеңесі бар. Мен жарияламас бұрын алдымен рұқсат алуым қажет. Бірақ ол жерде қаламыздың көркі болатын, көпшілікке танымал, алматылықтар мақтан тұтатын әрі пайдасын тигізетін жаңа нысан болғанын қалаймын», – деп түсіндірді Нұрлан Смағұлов.
Бірақ ол музей емес, коммерциялық ғимарат болатынын атап өтті.
Нұрлан Смағұлов – MEGA сауда орталықтарының иесі. 2025 жылы мамырда MEGA Alma-Ata сауда орталығының алдында орналасқан Fitnation фитнес клубын 2,55 млрд теңгеге сатып алған еді.
Осы жылы наурызда бизнесмен дүниежүзілік Forbes тізіміне енді. Оның байлығы шамамен 1,3 млрд долларға бағаланып отыр.