Мұнай экспорты қымбаттады: үкімет кедендік баж салығын көтерді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Қазақстан мұнайға салынатын кедендік баж салығын арттырады
Қазақстан мұнайға салынатын кедендік баж салығын арттырады/фото: kursiv.media архиві

2026 жылдың мамырында Қазақстан мұнай мен ашық түсті мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығын тоннасына 130 долларға дейін көтереді. Ал сәуірде баж салығы тоннасына 90 доллар болған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мониторингі мен баж салығын есептеу әдістемесіне сәйкес, мұнайдың орташа нарықтық бағасы тоннасына 115-125 доллар диапазонына дейін көтерілген кезде, экспорт бажының мөлшерлемесі тоннасына 130 долларды құрайды.

20 наурыз бен 20 сәуір аралығындағы мониторинг кезеңінде әлемдік нарықтардағы KEBCO және Brent маркалы мұнай бағасының орташа арифметикалық мәні барреліне 122 долларды құрады.

Ашық түсті мұнай өнімдеріне баж 1 түзету коэффициентін пайдалана отырып, қазіргі айдағы мұнайға экспорттық кедендік баж мөлшерлемесі негізінде айқындалады.

Мазуттың экспорттық бажы тоннасына 30 долларды, вакуумдық газойльдікі (ВГО) – тоннасына 60 долларды құрайды, сұйытылған көмірсутек газы (СКГ) үшін мөлшерлеме нөлге тең.

Битумға салынатын экспорттық баж 1 маусымнан 30 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) тоннасына 60 долларға тең, 1 қазаннан 31 мамырға дейін тоннасына 15 еуроны құрайды.

Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан сыртқа шығаратын мұнай мен газ конденсатының көлемі былтырғымен салыстырғанда 22%-ға азайды. Өткен жылы көрсеткіш 19,5 млн тонна болса, биыл 15,3 млн тоннаға дейін төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз