Қазақстан азаматтары алкоголь өнімдерін тұтынуды күрт азайтты

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
алкоголь өнімдері
Елде ішімдіктен бас тартқан ауыл көп / фото: shutterstock

Қазақстан азаматтары алкоголь өнімдерін тұтынуды азайтты. 2025 жылы елдің бір тұрғыны ішімдікке 6,4 мың теңге жұмсаған. Бұл 2024 жылдағы көрсеткіштен 14%-ға аз. Ұлттық статистика бюросының мәліметі осыны көрсетіп отыр.

Алкоголь өнімдеріне сұраныстың төмендеуі кейінгі 14 жылда үш рет қана тіркелген. Инфляцияны қоса есептегенде, ішімдік сатып алу 22%-ға азайғанын көруге болады.

Қазақстандағы жиырма өңірдің 13-інде сұраныс төмендеген. Әсіресе, Шығыс Қазақстан облысы (-5 мың теңге, 11,1 мың деңгеге дейін) мен Астана қаласында (-4,9 мың теңге, 6,2 мың теңгеге дейін) көрсеткіш әлдеқайда азайған. Осылайша, алкоголь өнімдерін көп тұтыну жағынан Қарағанды облысы Шығыс Қазақстанды басып озған. Айта кетейік, қарағандылықтар былтыр ішімдікке көп ақша жұмсаған (2% өсім, 14,2 мың теңге).

Маңғыстау облысындағы жағдай бұдан 17 есе аз. Маңғыстаулықтар 2025 жылы ішімдікке бар болғаны 0,8 мың теңге жұмсаған.

Дегенмен Қазақстан Орталық Азияда ең көп ішімдік тұтынатын ел атанып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз