Мыңнан аса сарбаз мемлекеттік грантқа ие болды

Мерзімді әскери қызмет өткеріп, мемлекеттік білім беру грантына ие болған азаматтардың тізімі жарияланды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүргізілді.
Нәтижесінде 2026 жылдың сәуірінде запасқа шығарылған мыңнан астам қазақстандық жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.
Жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі.
Грант қалай бөлінді:
- Қорғаныс министрлігі – 492
- Ұлттық ұлан – 493
- ҰҚК Шекара қызметі – 112
- ТЖМ – 28
- Мемлекеттік күзет қызметі – 29.
Айта кетейік, жоба 2023 жылы іске қосылған. Нәтижесінде сарбаз ҰБТ тапсырмай, әңгімелесу нәтижесінде жоғары оқу орнына түсе алады.
Грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
Бұған дейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, курсанттар мен кадеттерге әскери бөлімдерге өздерімен бірге смартфон ала келуге рұқсат етілді.