Нұрай Серікбайдың өлімі: күдіктіге жүргізілген сараптама қорытындысы шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
SMM бөлімінің редакторы
Нұрай Серікбайдың ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын/фото: марқұмның туыстары ұсынды

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі бойынша тергеу аяқталуға таяды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат кулуарында айтты.

Айтуынша, күдікті сот алдында жауап береді.

«Тергеушінің бастамасымен (күдіктіге- ред.) сот-психаториялық сараптама тағайындалды. Қорытындысы шықты. Күдікті заң алдында ақыл-есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді», – деді Әділов.

Бұған дейін қайтыс болған қыздың ағасы Сұлтан Серікбай күдіктінің психикалық орталыққа ауыстырылғанын айтып, жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін жеткізген.

Нұрай Серікбайдың қазасы

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Күдіктіге үш бап негізінде айып тағылып отыр:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру». 
Сондай-ақ оқыңыз