Ресей Тоқаевтың Каспийге қатысты ұсынысын құптады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
​​General news бөлімінің редакторы
Сергей Лавров
фото: Серікжан Қобыланбаев

Ресей Тоқаевтың Каспий бейбітшілік аймағы болуы керек деген ұсынысына келісті. Ол туралы көрші елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров әріптесі Ермек Көшербаевпен кездесуінде айтты.

«Бірлескен жұмыстың тағы бір өзекті бағыты – Каспий. Біз АҚШ-тың қарулы агрессияны өршітуі мен Иранға қатысты тым қатал ұстанымы Каспий теңізі мен оның жағалауына теріс әсерін тигізгенін мойындауға мәжбүрміз. Каспий бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуға тиіс», – деді ол.

Сондай-ақ Таяу Шығыстағы дағдарысқа қатысты Қазақстанның «салмақты ұстанымы» үшін ризашылық білдірді.

«Біз барлық тартылған тараптар арасында саяси келісімдерге қол жеткізуді көздей отырып, Парсы шығанағы мен жалпы Таяу Шығыстағы дағдарысты тезірек еңсеру керек деген ойды қолдаймыз… Қазақстандық серіктестерге жағдайды түсінгені, сондағы болып жатқан оқиғаларды бағалаудағы салмақты ұстанымы үшін алғыс айтамын», – деді ол.

Еске салайық, өткен аптада Астанада өткен Экологиялық саммитте Тоқаев Каспийді қорғау үшін аймақта әскери қару қолданбауды ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз