Мамырдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстандықтар 1, 7,9,10 және 11 мамырда демалады / Фото: kursiv.media архиві

«Азаматтарға арналған үкімет» алдағы мереке күндері арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады. Мемлекеттік корпорацияның хабарлауынша, 1, 7 және 9 мамыр күндері барлық арнайы ХҚКО-лар, соның ішінде кезекші орталықтар да жұмыс істемейді.

Кезекші орталықтардың 2 және 11 мамырдағы жұмыс кестесі төмендегідей:

  • 09:00-ден 13:00-ге дейін;
  • құжаттарды қабылдау 12:00-ге дейін;
  • құжаттарды беру 13:00-ге дейін.

Қалған күндері арнайы ХҚКО-лар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Айта кетейік, биыл аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар мамырда 14 күн, аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.

Сондай-ақ оқыңыз