Енді жолаушылар домбыра мен қобызды ұшаққа тегін алып кіре алады

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Енді жолаушылар музыкалық аспаптарын ұшаққа тегін алып кіре алады
Енді жолаушылар музыкалық аспаптарын ұшаққа тегін алып кіре алады/фото: kursiv.media архиві

Енді жолаушылар музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыра мен қобызды футлярда әуе кемесінің салонына қол жүгi ретінде кіргізе алады. Бұл ретте олардың өлшемдері 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 кг-нан аспауға тиіс.

Көлік министрлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жатыр.

Азаматтардың көптеген өтініші негізінде жолаушылардың музыкалық аспаптарын әуе кемесі салонында қол жүгi ретінде тасымалдау құқығы беріледі.

Ал аспап басқа да сөмкелермен қол жүгі ретінде тасымалданса, белгіленген нормадан асқан жүк үшін әуе компаниялары ақы алады.

Бұл түзетулер жолаушылардың құқықтарын қорғауды арттыру және ұшақта музыкалық аспаптарды тасымалдауды реттеуге бағытталған. Түзетулер 2026 жылғы мамыр айының соңына дейін қабылданады.

Айта кетейік, елімізде домбыраны немесе басқа да аспаптарды ұшаққа кіргізуде дау туындаған. Бұған дейін Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова домбырасын ұшаққа өткізе алмай қалғанына қатты ашуланған еді. Әйтсе де, соңында домбыраны кіргізу үшін қосымша ақша төлеп кіргізген.

Сондай-ақ оқыңыз