Атырауда колония қызметкерлері жауапқа тартылды

Атырауда колонияда сотталған қайтыс болғаннан кейін 12 қызметкер жазаланды. Бұл туралы жергілікті «Ақ Жайық» хабарлады.
Айта кетейік, 22 наурызда №15 түзеу мекемесінде сотталғандар арасында жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Салдарынан сотталғандардың бірі қайтыс болды.
Колонияда қызметтік тексеру жүргізіліп, қызметкерлердің жұмысында заңбұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде мекеме басшысы қызметінен босатылды. Басқа қызметкерлерге қатаң сөгіс жарияланды.
Бір қызметкер сөгіс алып, енді біріне ескерту жасалды.
Жалпы колонияның 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сотталушының өлімі фактісі бойынша құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі («Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу немесе қылмыстық топпен жасалу») бойынша қылмыстық іс қозғады.
Мекеме қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі («Құқық қорғау органы қызметкерінің қызметтік әрекетсіздігі, ауыр зардаптарға әкеп соққан») бойынша тергеу жүріп жатыр.
2025 жылы Атбасар колониясының 12 қызметкері азаптау ісі бойынша кінәсіз деп танылды.