Түркия ықтиярхат құнын өсірді: қазақстандықтар қанша төлейді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ыстанбұл
Түркия ықтиярхат құнын өсірді: қазақстандықтар қанша төлейді / Фото: Shutterstock

Түркия елдегі көші-қон ағынын реттеуге кірісіп, заңды тұруға рұқсат беретін түріктің «икамет» құжатының құнын көтерді. Енді шетелдік азаматтар ықтиярхат алу үшін көбірек ақша төлеуге мәжбүр болады.

Бұрын Қазақстан азаматтары үшін бір жылдық сома шамамен 40 мың теңгені құраса, бұдан былай 300 мың теңгеден асады. Студенттер үшін, әдетте, жеңілдіктер қарастырылған.

Жаңа тарифтер рұқсаттың жарамдылық мерзіміне байланысты және өз күшіне еніп қойды.

Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Түркияда ықтиярхат рәсімдеу құны мынадай:

  • 1 жылға — 31 111,50 түрік лирасы (шамамен 327 мың теңге);
  • 2 жылға — 57 899,10 түрік лирасы (шамамен 608 мың теңге);
  • 3 жылға — 84 686,70 түрік лирасы (шамамен 890 мың теңге).

Көрсетілген сомаларға шетелдік азамат картасын дайындау құны кіреді.

Сонымен қатар, тұруға ықтиярхатты алғаш рет рәсімдейтін және визасыз режимі бар елдерден келген өтініш берушілерден 9 376 түрік лирасы (шамамен 98,5 мың теңге) көлемінде визалық алым алынуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз