Енді Араб әмірліктеріне қайта ұшуға болады, барлық шектеу алынды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

БАӘ билігі әуе қатынасы толық қалпына келгенін жариялады. Бұған дейін енгізілген барлық шектеe күшін жойды деп хабарлайды WAM ақпарат агенттігі.

Әуе кеңістігін толық ашу туралы шешімді Ұлттық азаматтық авиация басқармасы растады. Ведомство өкілдерінің сөзінше, аймақтағы ахуал егжей-тегжейлі зерттелгеннен кейін ғана ұшуға рұқсат берілген. Шектеу күшін жойды, бірақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағдай әлі де бақылауда болады.

Еске салайық, ақпанда  америкалық және израильдік күштердің Иранға қарсы әскери операциясы басталып, аймақтық жағдай шиеленіскен тұста бірқатар елдер әуе кеңістіктерін жапқан. Дрондар шабуылына байланысты БАӘ да кеңістігін жауып, барлық рейсті қабылдауды тоқтатқан еді.

Бірақ әзірге қазақстандық әуе компаниялары Араб әмірліктеріне рейстерін бастаған жоқ. FlyArystan жаздың соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатты, ал Air Astana 31 мамырға дейін Дубайға ұшпайды.

Сондай-ақ оқыңыз