Қазақстан Президентінің сыйлығы мен гранттарына өтінім қабылдау басталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Асқар Ахметуллин

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі 2026 жылы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттар беруге ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

«Құрметті әріптестер! Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы сыйлықтары мен гранттарына, сондай-ақ Президенттің Алғысын жариялауға ұсынымдар қабылдау басталды! Журналистердің кандидатуралары мен шығармашылық ұжымдарды бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар және мемлекеттік органдар ұсына алады», – деп хабарлады Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Айта кету керек, іріктеуге 2025 жылдың 1 маусымы мен 2026 жылдың 31 мамыры аралығында жарық көрген немесе эфирге шыққан материалдар ғана қабылданады. Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылдың 10 маусымына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыз