Трамп Ормұз бұғазында қалған кемелерді құтқару операциясын жариялады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ормузский пролив
Ормұз бұғасынан жүздеген кеме шыға алмай қалған / фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазында қалып қойған кемелерді құтқару операциясы басталғанын жариялады. Бұл туралы ол өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.

«Таяу Шығыстағы қатыгез жанжалдан зардап шеккен әлем елдерінің барлығы дерлік Құрама Штаттардан Ормұз бұғазында тұрып қалған кемелерді құтқаруды өтінді», – деп мәлімдеді Трамп.

Соған байланысты Ақ үй басшысы бұғаздан шыға алмаған кемелерді құтқару операциясын жариялады.

«Бұл процесс, «Азаттық» жобасы, дүйсенбі күні таңертең басталады. Гуманитарлық әрекетке кедергі жасайтындар болса, өкінішке қарай, оған қарсы күш қолдануға тура келеді», – дейді Трамп.

Мәліметтерге қарағанда, Ормұз бұғазында мұнай немесе басқа да жүк тиеген жүздеген кеме қалып қойған. Олардың нақты санын ешкім білмейді. Кей дереккөз бұғазда бұғатталған кеме саны 2 мыңға дейін жетуі мүмкін екенін хабарлаған.

Бір күн бұрын Трамп Тегеран «тәртіп бұзатын» болса, осы елге қайтадан соққы беруі мүмкін екенін ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз