Биткоин бағасы 80 мың доллардан асты

Жарияланды 4 Мамыр 2026 10:06

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Биткоин бағасы / фото: gemini generated

Биткоин бағасы 80 мың доллардан асып, соңғы үш айдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Оған Азия нарықтарындағы табыс себеп. Биткоин-ETF-ке бір күндік қаражат ағыны 630 миллион долларды құраған.

Дүйсенбі күні таңертең Сингапурда криптовалюта құны 1,9%-ға қымбаттаған, бұл – қаңтар айынан бергі ең жоғары деңгей.

Өсім факторлары қандай

Нарық геосаяси сигналдарға сай әрекет етіп жатыр. Атап айтқанда, АҚШ-тың Ормұз бұғазы арқылы бейтарап кемелерді алып өту ниеті туралы мәлімдемелері Иранның бұған қайтарар ықтимал жауабы туралы ескертпемен қатар жүріп жатыр.

Биткоин өткен жылдың қазан айында 126 мың доллардан асып, қайтадан 60 мың долларға дейін түскен. Содан бері біртіндеп бағасы көтеріліп келеді.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Ормұз бұғазында қалып қойған кемелерді құтқару операциясы басталғанын жариялады. Бұл туралы ол өзіне тиесілі Truth Social әлеуметтік желісіне жазды.

Сондай-ақ оқыңыз