Ақтөбеде темір өндіретін компания директорына 74 млн теңге төлеген

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Темір өндіретін компания басшысы қанша алған / Фото: kursiv.media

«Бенқала» тау-кен компаниясының» басшылығына 2025 жылы төленген сыйақы мөлшері жарияланды. Ресми мәліметке сүйенсек, кәсіпорынның атқарушы органы бір жыл ішінде шамамен 74 млн теңге тапқан.

Аталған компанияда басқару жүйесі жеке-дара принципке негізделген, яғни барлық жауапкершілік бір басшыға жүктелген. Компания тізгінін 2019 жылдың соңынан бері Бекболат Ақжолов ұстап отыр. Оның қызметі мен құзыреті арнайы заңнама және компания жарғысымен реттеледі.

Компания акцияларының басым бөлігі, яғни 70 пайызы нидерландық «Amros Group B.V.» компаниясына тиесілі болған. Бұл шетелдік құрылымды түпкілікті бақылаушы тарап ретінде Наталья Смирнова иеленіп келген. Сонымен қатар кәсіпорын капиталының 20 пайыздық үлесі В.В. Жұманбаевқа, ал қалған 10 пайызы Д.М. Оразаевқа тиесілі еді.

Алайда 2025 жыл соңында «Бенкала» тау-кен компаниясының акционерлер құрамында елеулі өзгерістер болды. Компанияның иелері тізімінен ресейлік Наталья Смирноваға тиесілі нидерландық «Amros Group B.V.» (акциялардың 70%-ы) және кәсіпкер Владимир Жұманбаев шығарылды.

Олардың орнын тиісінше «KGEN Group Limited» жеке компаниясы мен Даурен Оразаев басты. Айта кетерлігі, Даурен Оразаев қазіргі уақытта «Бенкала» компаниясының Директорлар кеңесіне төрағалық етеді. Сонымен қатар «KGEN Group Limited» компаниясының жалғыз иесі.

Компания Ақтөбе облысында кен өндірумен айналысады. 2025 жыл соңында Қазақстан қор биржасынан кетті.

Сондай-ақ оқыңыз