Тұрсын Алагөзов Шымкенттегі зауыт қызметкерлеріне 50 пәтер сыйлады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тұрсын Алагөзов / фото: KursivMedia мұрағаты
Тұрсын Алагөзов / фото: KursivMedia мұрағаты

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Шымкенттегі сыра зауытында ұзақ жыл бойы еңбек еткен қызметкерлерге пәтер сыйлады. Бұл туралы оның әйелі Баян Алагөзова жариялады.

«Аңызға айналған кәсіпорынның елу жылдығына орай, тағы да ШСЗ-ның қызметкерлеріне – 50 пәтер. Сені мақтан тұтамын, махаббатым», – деп жазды продюсер.   

Сонымен қатар Тұрсын Алагөзовтің қызметкерлер алдында сөйлеген сөзінен қысқаша үзінді жариялаған.

«Мен үшін бұл жан толқытарлық жайт. Өмірдің сан белесінен өттім. Үш жыл бойы айына 200 мың теңге табатынмын. Маған өте қиын болды. Бизнесімді жоғалттым. Ештеңеге арқа сүйей алмайтын едім», – дейді онда кәсіпкер.

Алагөзов мұның алдында 100 қызметкеріне пәтер кілтін табыстаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз