Жамбыл облысында қайыр сұраған ұлы үшін анасы жауапқа тартылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото; ЖИ
фото: ЖИ

Жамбыл облысында қайыр сұрауды әдетке айналдырған жасөспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды.

Жамбыл соттарының мәліметінше, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әйелге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған.

Анасының жауапкершікке тартылуына кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеуге қатысты міндеттерді орындамауы себеп болған.

Оның 16-ға толмаған ұлы Тараз қаласында бағдаршамда жүргізушілерден ақша сұрап, қайыршылықпен айналысып жүрген. Оны полиция қызметкерлері ұстаған. Бала кәмелет жасына толмағандықтан, хаттама оның анасының атына толтырылды.

Жамбылдық әйел кінәсін толық мойындап, ұлының ісіне өкініш білдірді.

Сот қаулысымен қайыршы ұлдың анасы «кінәлі» деп танылып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін, шетелден келген қайыршылар Алматыдағы Панфиловшылар саябағында тұрғындарды тонап, су шашқан еді. Осы әрекет желі қолданушылары арасында наразылық тудырып, қауыршылар елден шығарылған.

Сондай-ақ оқыңыз