Трамп ЕО-дан келетін көліктерге баж салығын 25%-ға дейін көтереді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Трамп
Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропалық Одақ елдерінен әкелінетін жеңіл және жүк көліктеріне кедендік баж салығын жақын арада 25%-ға дейін көтеретінін мәлімдеді.

Ол баж салығын көтеруге Еуропалық Одақтың сауда келісімдерін бұзуы түрткі болғанын айтты.

«Еуропалық Одақ біздің толық келісілген сауда келісімімізді сақтамай отырғанына байланысты, келесі аптада мен Еуропалық Одақтан АҚШ-қа әкелінетін жеңіл және жүк көліктеріне баж салығын арттырамын. Тариф мөлшерлемесі 25 пайызға дейін көтеріледі», – деп жазды Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Ол сондай-ақ АҚШ-та жасалған көліктерге аталған баж салығы салынбайтынын айтты.

Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде АҚШ пен Еуропалық Одақ сауда келісіміне қол қойған болатын. Келісімге сәйкес, АҚШ Еуропадан әкелінетін автокөліктерге салынатын баж салығын 15%-ға дейін төмендетуі тиіс еді. Ал Еуропалық Одақ АҚШ өнеркәсіптік тауарларына салынатын тарифтерді алып тастап, америкалық азық-түлік өнімдерін импорттауға рұқсат беруі қажет болатын.

Сондай-ақ оқыңыз