Porsche 2026 жылыбензин қозғалтқышы бар Macan моделін шығаруды тоқтатады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Porsche 2026 жылыбензин қозғалтқышы бар Macan моделін шығаруды тоқтатады / Фото: Сarscoops.com

Немістер бұрын-соңды болмаған қадамға дайындалуда. 2026 жылдың жазында бензин қозғалтқышы бар Porsche Macan-нан бас тартпақ. Сонымен қатар, Қазақстанда да танымал кроссовердің толыққанды баламасы кем дегенде 2028 жылға дейін болмайды, деп жазады Сarscoops.

Соңғы тираж 

Porsche қаржы директоры Йохен Брекнердің айтуынша, өндірістің соңғы кезеңі көлем үшін күреске айналады. Лейпцигтегі зауыт өндірісті тоқтатып, бірақ «Макандар» нарыққа 2027 жылға дейін шыға береді.

«Соңғы айда біз мүмкіндігінше көп көлік шығарамыз. Әрине, фактордың бірі – өндірістік қуаттылық, бірақ олар шектеу емес. Тағы бір мәселе – жеткізушілердің құрамдас бөліктері», – деді Брекнер.

Енді комплектация таңдау мүмкін болмайды, сатып алушыларға қоймада қалғандары ұсынылады.

Электр қуатына ставка

Ауыстыруға негізгі кандидат Porsche Macan Electric болды. Бірақ нарық бұған басқаша жауап берді. 2026 жылдың бірінші тоқсанында 8 мың электрлі кроссовер сатылса, бензинді Macan-ның 10,1 мыңы өтіп кеткен. Бұл Еуропада іштен жану қозғалтқышы бар нұсқалардың сатылымнан алынып тасталғанына қарамастан орын алып отыр.

АҚШ-та 7,5 мың долларлық федералды субсидия жойылғаннан кейін сұраныстың төмендеуі ерекше байқалды. Porsche мұны «модельге көрсетілген қысым» деп атағанымен, мұхиттың арғы жағында классикалық қозғалтқыштарға деген қызығушылықтың әлі де жоғары екенін мойындайды.

Гибрид

Porsche Macan – көптеген жылдар бойы марканың сатылымындағы негізгі драйверлердің бірі. Audi Q5 базасында жасалған, іштен жану қозғалтқышы мен гибридті қондырғысы бар жаңа буын қазірдің өзінде сынақтан өтіп жатыр, бірақ ол тек 2028 жылға қарай пайда болады.

Сонымен қатар, компанияның негізгі көрсеткіштері төмендеп жатыр:

  • жеткізу: – 15%
  • түсім: – 5,6%
  • операциялық пайда: – 23,8%

Porsche болашағын электрлі көліктермен байланыстырады. Бірақ нарық әзірге басқа ережелермен ойнап тұр. Осы фонда бестселлерден бас тарту тәуекелді қадам болып көрінеді. Жаңа нұсқа шыққанға дейін бренд әлі де бензинді таңдайтын аудиториясының бір бөлігін жоғалтып алуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз