«Достық» құбыры мұнай тасымалын тоқтатса да, Қазақстанның экспортына әсер етпейді

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
«Достық» мұнай құбыры арқылы шикізат тасымалдау
«Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалдау тоқтады / Фото: kursiv.media

«Достық» құбыры арқылы мұнай тасымалы тоқтаса да, Қазақстанның мұнай экпортына әсері болмайды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл бағытқа тәуелді емес.

«Достық құбыры арқылы тасымалдау мәселесіне келсек, біз бұл бағытқа қатты тәуелді емеспіз. Сондықтан бұл жағдай ел ішіндегі жанармай бағасына ешқандай әсер етпейді. Негізгі тасымал КҚК (Каспий құбыр консорциумы) арқылы өтеді. Сонымен қатар әріптестеріміз балама бағыттардың жұмысымен де айналысып жатыр. Менің білуімше, әзірге мұнай экспортына қатысты ешқандай түйткіл жоқ», деді Есімханов.

Бұған дейін «Достық» мұнай құбырымен Германияға шикізат тасымалдау тоқтайтындығын хабарлаған едік. Осыған байланысты «Дружба» құбырының транзит кестесі өзгертіліп, 260 мың тонна экспортталатын мұнай көлемі жоспарлы түрде қайта бөлінеді.

Енді Усть-Луга портынан 100 мың тонна, ал Каспий құбыр консорциумынан (КҚК) 160 мың тонна жөнелтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз