Олжас Бектенов 1 қыркүйекке дейін отын қорын әзірлеуге тапсырма берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жылу беру маусымына арналған отын қоры 1 қыркүйекке дейін жинақталуы тиіс. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.  

Ол алдағы жылу беру маусымына дайындыққа ерте қамдануға шақырды. Жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды тапсырды.

«Энергетика министрлігі Көлік министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін жылу көздері мен теміржол тұйықтарында отын қорын алдын ала жинақтауды қамтамасыз етсін», – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Жұмысты бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов энергетика нысандарында жөндеу жұмыстарының көлемін және қаржыландыруды қысқартуға тыйым салып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз