Өскемендегі апат: цехтың 220 шаршы метрі опырылып түсті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
казцинк
«Қазмырыш» цехында болған жарылыс / фото: «Kursiv.Media редакциясы үшін куәгерлер түсірген сурет

«Қазмырыш» компаниясының Өскемен қаласында орналасқан зауытында жарылыс болып, цехтың 220 шаршы метрі опырылып түсті.

Өндіріс орнындағы жарылыстан кейін шыққан өрт 120 шаршы метрді алған. Бұған қоса, цех бөлшектері 220 шаршы метр аумаққа шашылып қалған.

«Құтқарушылар оқиға орнына жеткен уақытта цех опырылып түскені, сондағы құрылғылар өртенгені анықталды. Бүкіл күш жұмылдырылды. Қазір 77 адам жұмыс істеп жатыр. Өрт сөндірілді. Үйіндіні аршып жатырмыз», – дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рашид Блялов мәлімдеді.

ТЖМ мәліметінше, қорғасын зауыты аумағында, электролиз цехының балқыту бөліміндегі шаң ұстау құрылғысы жарылған.

Екі адам қаза тапты. Тағы екі адам ауруханаға түссе, үш адам үйде ем қабылдауға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 мамыр, сейсенбі күні таңертең Өскемен қаласының өндіріс аймағында орналасқан «Қазмырыш» компаниясы зауытында жарылыс болды. Дүмпу мен әуеге көтерілген түтін қала тұрғындарының зәресін алды.

Премьер-министр Олжас Бектенов зауыттағы жарылысты жеке бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген. Еңбек министрлігі арнайы комиссия құрып жатыр. Өскемен әкімі қала тұрғындарын сабырға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз