Мүгедектік рәсімдеу кезінде 167 жалған дерек анықталды

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Қазақстанда мүгедектік рәсімдеу кезінде 167 жалған дерек анықталды
shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектікті рәсімдеу кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасаудың 167 дерегін анықтады.

Тексеру барысында жүйелік сипаттағы бұзушылықтар белгілі болған.

«Дәрігерлер бір үлгідегі, қайталанатын медициналық қорытындыларды пайдалануы мүмкін. Себебі әртүрлі пациенттерге бірдей мазмұндағы құжаттардың «көшірме» тәсілімен рәсімделгені тіркелген. Мұндай құжаттарда тек пациенттердің жеке деректері мен тексеру күндері ғана өзгертіліп, негізгі мазмұны өзгеріссіз қалдырылған», – делінген ақпаратта.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша құзырлы органдар тиісті шараларды бастап кетті. Комитет мамандарына күдікті құжаттарды қайта тексеру тапсырылды. Қазірдің өзінде 73 жағдай толық қаралып бітті.

Ведомство өкілдері күмәнді жағдайлар бойынша әлеуметтік төлемдердің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Егер тексеріс барысында заңбұзушылықтар расталса, мүгедектік тағайындау туралы бұрын қабылданған шешімдер заңнама талаптарына сәйкес қайта қаралатын болады.

Барлық материалдар тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына, оның ішінде прокуратура мен экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыз