Сарапшылар шығыны аз, ең үнемді көліктерді атады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Ең тиімді көліктер – шағын және гибридті модельдер / Фото: нейрожелі көмегімен жасалған

GOBankingRates қарды порталы сала сарапшыларымен бірлесіп, ұзақ мерзімде ең арзанға түсетін автокөліктерді талдады.

Шағын көліктер – көбірек үнем

Кроссоверлер кең таралғанына қарамастан, ең тиімді нұсқалар – шағын хэтчбектер мен седандар болып қала береді. Оларда жанармай шығыны төмен, сақтандыру арзанырақ (жалпы әлемдік деңгейде), әрі ең маңыздысы – құнын біразға дейін жоғалтпайды.

«Тұрақты түрде ең жақсы нәтижелер көрсететін брендтер – Toyota, Lexus, Honda және Acura», – деп атап өтті CarEdge сарапшылары.

2026 жылы шығыны аз, құны арзан 10 модельдің қатарына үш Toyota (Corolla, Corolla Hatchback және Camry), екі Honda (Civic және HR-V) және екі Nissan (Sentra және Versa) енді. Сондай-ақ тізімде Hyundai Venue, Subaru Impreza және Kia K4 модельдері де ерекшеленді.

Гибридтер – сенімді әрі үнемді таңдау

Электромобильдер инфрақұрылымының жеткіліксіздігі мен жүрілген көлік бағасының арзандап кетуі сияқты мәселелерге тап болып жатқан кезде, қуаттауды қажет етпейтін гибридтер ең тиімді баламаға айналды.

«Қашықтық қоры немесе қуаттау инфрақұрылымының жоқтығына байланысты толық электрлендіруге дайын емес адамдар үшін гибридтер жақсы балама болып қала береді. Олар жанармай үнемдеуді және тұрақты амортизацияны ұсынады», – дейді ACV Auctions автокөлік аукцион платформасының вице-президенті Рэнди Бароне.

Премиум сегменттің «қақпаны»…

Екінші жағынан, жүрілген премиум көлікті сатып алу – қаржылық шығынға ұшыраудың ең жылдам жолдарының бірі. Audi, BMW, Land Rover және Mercedes-Benz сияқты брендтер әдетте қызмет көрсету құны ең жоғары көліктер қатарына кіреді.

«Люкс санатындағы автокөліктер уақыт өте келе қызмет көрсету жағынан өте қымбатқа түседі», – деп ескертеді Consumer Reports ұйымының өкілі Стивен Элек.

Тіпті жеңілдікпен сатып алынған «неміс көліктерінде» де қосалқы бөлшектердің бағасы жоғары болып қала береді. Пневматикалық аспа, күрделі электронды жүйелер мен жетілдірілген қозғалтқыштар екі-үш жылдың ішінде көліктің өз құнынан да асып түсетін шығындарды талап етуі мүмкін.

Сатып алу кезінде нені ескеру керек

Шығынды 5–10 жыл ішінде барынша төмендету үшін қарапайым қағиданы ұстану керек:

  • сенімді жапон немесе корей автокөліктерін таңдау;
  • шағын автокөліктер сегментіне назар аудару;
  • классикалық гибридтерге басымдық беру.

Сарапшылардың айтуынша, көлік сатып алу бір бөлек, ал оны бюджетке ауыр салмақ салдырмай ұстап тұру мүлде басқа мәселе.

Еске салсақ, осыған дейін шамадан тыс қымбат көліктер жайлы жазған едік. «Қара тізімге» қазіргі жаңа кроссоверлер де, 90-жылдардағы аты аңызға айналған седандар да қосылды.

Сондай-ақ оқыңыз