Бұрынғы экономика министрі «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесі құрамына кірді

Бұрынғы экономика министрі Нұрлан Байбазаров «Самұрық-Қазына» қорының директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында хабарланды.
Шешімді 24 сәуірде қордың жалғыз акционері – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қабылдады. Енгізілген өзгерістерден кейін қордың директорлар кеңесі сегіз адамды құрады. Кеңеске Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов төрағалық етеді.
Директорлар кеңесінің құрамына қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, тәуелсіз директорлар Болат Жәмішев, Вонг Хэн Файн, Лука Сутера және Мохаммед Джамиль Аль Рамахи кіреді.
Бұдан бөлек, кеңес құрамында дауыс беру құқығы бар «цифрлық мүше» SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) бар.
Айта кетейік, Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметіне 2024 жылғы 6 ақпанда тағайындалып, сол жылдың желтоқсанына дейін қызмет еткен.
2026 жылы Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Сондай-ақ «Бәйтерек» холдингін, Қазақстанның Даму банкін және Өнеркәсіпті дамыту қорын басқарып, еліміздің ірі қаржы институттарында жетекшілік етті.