Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен бірігуден түбегейлі бас тартты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: shutterstock
фото: shutterstock

Солтүстік Кореяның жаңартылған конституциясына жаңа аумақтық тармақ енгізіліп отыр.

Оңтүстік Кореямен бірігу туралы барлық ескерту алынып тасталды. Бұл туралы 6 мамыр күні жарияланған құжатта айтылған.  

Yonhap агенттігі ақпаратына қарағанда, Солтүстік Корея өз аумағын солтүстігінде Қытай және Ресеймен, ал оңтүстігінде Оңтүстік Кореямен шектесетін жерлер, сондай-ақ оған іргелес аумақтық сулар мен әуе кеңістігі ретінде анықтаған.

Конституцияда Оңтүстік Корея «негізгі жау ел» ретінде көрсетілмеген. «Екі мемлекет» ұстанымына сәйкес, «бейбіт бірігу» және «ұлттық ұлы бірлік» сияқты тіркестерді қоса алғанда, қайта бірігуге қатысты барлық тұжырым конституциядан алынып тасталды.

Солтүстік Корея алғашқы конституциясын 1948 жылдың қыркүйегінде қабылдап, 1972 жылы социалистік конституцияны енгізгенге дейін оған бес рет өзгеріс енгізген. Биыл наурыз айында тағы 12 түзетуден кейін құжат қайта қаралып, оның атауынан «социалистік» сөзі алынып тасталды.

Мұның алдында Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның 13 жастағы қызын мұрагерлікке дайындап жатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз