Ақтөбе облысында тағы бір әкімнің мәйіті табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
 Фото:gov.kz
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында Кенкияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановтің денесі табылды.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 4 мамыр күні ол жұмыстан босату туралы өтініш жазған. Ал келесі күні ресми түрде қызметінен босатылыпты. Ал 6 мамыр таңертең Серікжанов Кенкияқ ауылындағы үйінде өлі табылған.

Полицияның хабарлауынша, 42 жастағы ер адамның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«1983 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының мәліметінде.

Ақтөбе облысында мұндай жағдай екінші мәрте қайталанып отыр. Мұның алдында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов те осылай қайтыс болған еді. Ол өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз