Астанада полицейлерге пәтер кілті табысталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Астанадағы полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Polisia.kz хабарлауынша, іс-шара ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттау рәсімімен басталды.

Жергілікті атқарушы органның қолдауымен мереке құрметіне полиция қызметкерлері арасындағы көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды.

Ішкі істер министрінің құқығымен «Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері», «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгілері, сондай-ақ «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальдары табысталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, грамоталар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлық – қол сағаттары тапсырылды.

Айта кететін жайт. Қазақстанда жеңілдікпен берілетін баспана кезегіне тұру қиындайды.

Сондай-ақ оқыңыз