Оңтүстік Кореяда көтеріліс жасаған бұрынғы премьер-министр 15 жылға түрмеге қамалады

Оңтүстік Кореяда апелляциялық сот бұрынғы премьер-министр Хан Док Судың тағайындалған түрме жазасын 23 жылдан 15 жылға дейін қысқартты.
Бұл туралы Yonhap news агенттігі хабарлады.
Ол бұрынғы президент Юн Сок Ёльдің қысқа мерзімді әскери жағдай енгізуіне қатысқаны үшін айыпталды.
Сеулдің Жоғарғы соты Ханды 2024 жылғы желтоқсанда Юнның әскери жағдай енгізуіне көмектесіп, қолдау көрсету арқылы көтерілісте маңызды рөл атқарды деп танып, үкім шығарды.
Апелляциялық сот төменгі соттың үкіміне сәйкес Ханды барлық айыптар бойынша кінәлі деп таныды.
Ханның адвокаттары сот шешіміне Жоғарғы сотқа шағым түсіретіндерін бірден мәлімдеді.
Бұрынғы премьер-министр қаңтар айынан бері қамауда отыр. Сол кезде төменгі сот оны 23 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Мұның алдында Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Гон Хи төрт жылға сотталған еді.