Астанада көп қабаты үйден өрт шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: KursivMedia мұрағаты
фото: KursivMedia мұрағаты

Бүгін Астана қаласында Ш. Уәлиханов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балконда өрт шықты.

ТЖМ ақпаратына қарағанда, жалын жетінші қабаттың балконына және ішінара сегізінші қабаттың балконына таралған.

Қара қою түтін тұрғын үй маңын басып қалды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде ауыздықтап үлгерді.

«ТЖМ құтқарушылары балкондағы өртті сөндірді. ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрттің пәтер ішіне таралуына жол берілмеді. Өрт жедел түрде оқшауланып, толықтай сөндірілді», – делінген хабарламада.

Өрт кезінде зардап шеккендер болмаған. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Кеше Алматы қаласының Алатау ауданында Бөкеев көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шығып, бір адам зардап шеккен еді.

Сондай-ақ оқыңыз