Айбек Дәдебай «Әділет» жаңа партиясының төрағасы болып сайланды

2026 жылғы 7 мамырда Астанада өткен «Әділет» партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды.
Ол – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілігінің бұрынғы басшысы.
Тоқаев Айбек Дәдебайға шынайы алғысын білдіріп, оның Президент әкімшілігінің басшысы қызметіндегі жұмысын жоғары бағалады.
Айбек Дәдебайдың өмірбаяны
Айбек Дәдебай 1980 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. Аймақтану мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.
Еңбек жолын халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
Кейін Сенат аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінде сарапшы, одан соң Сенат төрағасының міндетін атқарушы көмекшісі қызметтерін атқарған.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінде атташе және үшінші хатшы болған.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды, кейін Президент іс басқарушысы қызметін атқарды.
2024 жылдан бастап Президент әкімшілігінің басшысы болып жұмыс істеді.
«Әділет» 2026 жылғы тамызда өтетін құрылтай сайлауы қарсаңында құрылды. Партия Әділетті Қазақстан құндылықтарын қорғауды көздейді.