Шетел асып кеткен Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды

Алматы қаласының бұрынғы әкімі және «Nur Otan» партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Qazaq Kaolin компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат кәсіпорынның ресми сайтында жарияланды.
Бауыржан Байбек 2022 жылдың ақпанында «Nur Otan» партиясындағы қызметінен босатылып, саяси сахнадан көрінбей кетті. Артынша оның Біріккен Араб Әмірліктерінде Жапонияда жүрген суреттері тарады.
Qazaq Kaolin-дегі қызметі
Бауыржан Байбек 2022 жылдың наурыз айынан бастап Qazaq Kaolin компаниясында кеңесші болып жұмыс істеген. 2026 жылдың сәуір айының соңында компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты. Осы оқиғадан кейін көп ұзамай, Байбектің директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалғаны туралы ақпарат шықты.
Qazaq Kaolin компаниясының қожайындарының қатарында 26 жастағы Бекзат Керімбай мен экс-әкімнің әкесі Қадырғали Байбек бар. Қадырғали Байбек экс-пезидент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы.
Birgemiz қоры және Перизат Қайрат ісі
Бауыржан Байбектің компания сайтындағы өмірбаянында ол 2020-2022 жылдары «Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесін басқарғаны көрсетілген. Бұл қор шулы қылмыстық істің ортасында қалған еді. Қор жетекшісі Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот процесі барысында Бауыржан Байбектің есімі бірнеше рет аталғанымен, оған қатысты ресми айып тағылған жоқ.