Берік Уәли бастаған Абай облысының құрамасы футболдан өткен турнирде жеңіске жетті
Жарияланды

Семей төрінде қазақ спорт журналистикасының аңызы, комментатор Амангелді Сейтханды еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен БАҚ өкілдері жиналды.
Доп тепкен әкім
Турнирдің басты ерекшелігі жеңімпаз атанған Абай облысының тілшілер құрамасы сапында өңір басшысы Берік Уәли өнер көрсетті. Облыс әкімі тек қолдау көрсетіп қана қоймай, алаңда шебер ойын өрнегін байқатып, команданың бас жүлдені иеленуіне тікелей үлес қосты.
| Орын | Команда атауы |
| I орын | «Абай» облысының тілшілері |
| II орын | «Қазмедиа» құрамасы |
| III орын | Талдықорғандық «Қарақет» командасы |
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда да БАҚ өкілдері арасында футболдан турнир өтіп, Алматы телеарнасы жеңіске жеткен еді.