Зауыт жарылысынан зардап шеккен науқасты Астанаға санавиациямен алып кетеді

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Өскемен Қазмырыш зауыты жарылыс
фото: Өскемендегі Қазмырыш компаниясына тиесілі зауытта болған жарылыс / сурет Kursiv Media редакциясына келді

Өскеменде зауыттағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі санавиациямен Астанаға жеткізіледі. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Омыртқасынан жарақат алған науқасты санавиациямен Астанадан Өскеменге алып ұшады. Дәрігерлер келгеннен кейін қосымша тексеріп, талдау жасап, бейінді мамандар тағы бақылайды», – дейді басқарма өкілдері.

Зардап шеккен екінші науқас төртінші тәулік қатарынан жансақтау бөлімінде. Денесінің 90%-ы күйген, дәрігерлер ауыр дәрежедегі күйік шогы деген диагноз қойды. Есін біледі. Әлі де интенсивті терапия жалғасып жатыр.

Еске салайық, бесінші мамырда таңертең Өскеменде «Қазмырыш» компаниясына тиесілі зауытта жарылыс болды. Цехтың 220 шаршы метрі опырылып түсті. Екі адам қайтыс болып, тағы бесеуі жарақат алды.

Кейінірек компания қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз