Трамп бензин салығын алып тастауды ұсынды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
АҚШ президенті Дональд Трамп
Дональд Трамп әкімшілігінің Иранға соққы жасауды талқылаған сәті / фото: Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп бензинге федералдық салықты уақытша тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

11 мамырда CBS News-ке телефон арқылы берген сұхбатында Трамп бензиннің әр галлонына салынатын 18,4 цент көлеміндегі салықты «белгілі бір уақытқа» тоқтатқысы келетінін мәлімдеді. Өйткені Құрама Штаттарда жанармай бағасы шарықтап барады.

Қазір АҚШ-та бір галлон бензиннің (3,7 литр) бағасы 4,52 доллар болып тұр. Калифорния сияқты жанармай тапшы штаттарда оның құны 6 доллардан асып кетті.

Трамптың салықты алып тастау туралы ұсынысы бағаны қаншалықты түсіретіні әзірге белгісіз. Алымның мұндай түрі негізінен жол салуға, жөндеу, техникалық қызмет көрсетуге жұмсалып жүр.

Құрама Штаттарда бағаның көтерілуіне Ирандағы соғыс, әсіресе Ормұз бұғазының жабылып, шикізат жеткізудің кешігуі себеп болды. Оның үстіне, Таяу Шығыстағы дағдарыс мұнай бағасын екі есе көтеріп жіберді.

11 мамырда Brent маркалы мұнайдың 1 баррелі шамамен 103 доллардан саудаланып жатыр. Наурыз айында оның бағасы 120 долларға дейін көтерілген.

Бұған дейін Kursiv.Media мұнай бағасы көтерілген уақытта Saudi Aramco араб компаниясы 33 млрд доллар табыс тапқаны туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз