Оңтүстік Қазақстанда уран өндіретін кәсіпорын директорына 50 млн теңге төлеген
Жарияланды

Оңтүстік Қазақстанда уран өндіретін «Заречное» бірлескен кәсіпорны» 2025 жылы бас директорына 50,5 млн теңге сыйақы төлеген. Қазақ-қытай-қырғыз компанияларына тиесілі кәсіпорын хабарламасы қаржы есептілігі депозитарийінде жарияланған.
Кәсіпорынды 2024 жылдан бері Қанат Нұржанов басқарады. Ол кәсіпорынның стратегиялық дамуы, жедел жоспарлау және жалпы қызметті бақылауға жауапты.
«Заречное» БК» Оңтүстік Қазақстандағы аттас кен орнында уран өндірумен айналысады. Компанияның акционерлері қатарында «Қазатомөнеркәсіп» ұлтық уран операторы, қытайлық SNURDC Astana Mining Company және «Қаратау» кәсіпорыны бар.
CGN қытай корпорациясы 2024 жылғы желтоқсанда «Заречное», «Хорасан-U» және «Қызылқұм» кәсіпорындарындағы үлесті «Росатомнан» сатып алды.