Шымкенттік оқушылар АҚШ-та өткен робототехника жарысында 1-орын алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: shutterstock
фото: shutterstock

АҚШ-тың Хьюстон қаласында 2026 жылғы 29 сəуір мен 2 мамыр аралығында FIRST World Championship робототехника жарысы өтті. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Онда Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің OVERTIME командасы жоғары нəтиже көрсетті.

«Əлемнің 336 үздік командасы қатысқан беделді додада Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құрылған OVERTIME командасы Reach Award Winner – 1st Place номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, чемпион атағына ие болды», – делінген хабарламада.  

FIRST World Championship-робототехника мен инженерия саласындағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі. Аталған чемпионат қатысушылардың техникалық білімін ғана емес, олардың сыни ойлау қабілетін, командалық жұмысын жəне күрделі жағдайларда тиімді шешім қабылдау дағдыларын жан-жақты бағалайды.

OVERTIME командасының ерекшелігі – олардың робототехниканы тек жарыс шеңберінде шектемей, оны əлеуметтік маңызы бар жобалармен ұштастыруында.

Айта кететін жайт, Қазақстан мен Қытайдың Цзянсу провинциясының жастары робот-футболдан алғаш рет жолдастық кездесу өткізді.

Сондай-ақ оқыңыз