«Қазақмыс» нысандарынан 1 тонна жанармай ұрлағандар ұсталды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Қазақмыс» корпорациясының нысандарынан 1 тоннадан астам жанар-жағармай ұрлаған күдіктілер ұсталды. Полиция жүргізген тінту жұмыстары кезінде ұрланған жанармаймен қатар ірі көлемде ақша, бірнеше автокөлік, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қылмыстық топ қалай жұмыс істеген?

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ арнайы техникаларға жанармай құйылды деп жалған құжаттар толтырып, отынды заңсыз есептен шығарып отырған.

Бұл іске кәсіпорынның күзет қызметіндегі кейбір қызметкерлер де көмектескен болып шықты.

Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қазір қаржы құжаттары тексеріліп, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, шығын көлемі өте ірі мөлшерді құрауы мүмкін.

Бұл 2026 жылдың басынан бері «Қазақмыс» нысандарындағы төртінші ірі ұрлық. Қазір барлық фактілер бойынша кешенді жедел-тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұған дейін Қарағанды полициясы пойыздан жүйелі түрде дизель ұрлап келген 17 адамды ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыз