Түркі инвестициялық қоры ірі жобаларға 20 млн доллар бөлуге дайын

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Түркі инвестициялық қоры кооперациялық жобаларға 20 млн доллар бөлуге дайын
Фото: shutterstock, коллаж: Ахтам Зиперов

Бүгінде Түркі мемлекеттер ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттерде тұратын халық саны 170 миллионнан асады. Осының арқасында ұйым өте ірі, әрі қуатты нарықтардың бірі болып отыр.

Астанада «ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық интеграция және ынтымақтастық» атты бизнес-форум өтіп жатыр. Форумда түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері кең талқыланды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин декларациялардан нақты бірлескен жобаларға, жаңа өндіріс орындары мен технологиялық альянстарға көшу уақыты келгенін атап өтті.

20 млн доллардан басталатын жобалар жиынтығы

Ұлттық экономика министрі Серік Жүмағариннің сөзінше, қазір әлемдік экономика құбылып, бәсеке бұрынғыдан да күшейіп барады. Мұндай уақытта нақты іске, яғни экономикалық байланысқа басымдық берілуі тиіс.

Сондықтан Қазақстан көрші елдермен бірге зауыт-фабрикалар салуға, ауыл шаруашылығында ортақ жобалар бастауға және цифрлық сауданы дамытуға ерекше мән беріп отыр

«Осы орайда Түркі инвестициялық қорына (ТИҚ) ерекше назар ауып отыр. Қор мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен жобаларды қолдаудың негізгі қаржылық тетігіне айналуы тиіс.

Қор президенті Бағдат Әмреев бастапқы кезеңде жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін 20 млн доллар бөлуге дайын екенін айтты. Оның сөзінше, трансшекаралық жобалар тек компаниялар мен елдерге пайда әкеліп қана қоймай, мемлекеттердің экономикалық интеграциясын нығайтады», – дейді ол.

Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық та белсенді дамып келеді.

Әмреевтің айтуынша, екі аптадан кейін Ислам даму банкімен (ИДБ) елдеріндегі жобаларды қаржыландыру туралы негізгі келісімге қол қойылады.

Сонымен қатар, Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚҚДБ) де тиісті келісімді аяқтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Транскаспий бағыты түркі интеграциясының күретамыры

Тұрақты көлік бағыттарын дамыту форумның тағы бір өзекті тақырыбына айналды. Жұманғариннің айтуынша, Еуразияның қақ ортасында орналасқан Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік маршрутын белсенді дамытып, теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғыртып, Шығыс пен Батыс арасындағы транзит пен сауда мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді.

Сонымен қатар Алматы халықаралық әуежайының инфрақұрылымын дамытуды қаржыландыруға қатысу бойынша келіссөздер басталды.

Ал Әмреев бұл жобаны ТИҚ үшін іс жүзінде алғашқы бастама екенін айрықша атап өтті.

Қор нарықтарды байланыстыратын және жеткізу тізбектерін біріктіретін, көлік шығындарын азайтуға ықпал ететін жобаларға басымдық береді.

Экономиканы цифрландыру

Жұманғариннің айтуынша, түркі елдерінің IT-секторды, стартап-экожүйелерді, цифрлық қызметтерді, жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді бірлесіп дамыту үшін қуатты әлеуеті бар.

Осыған байланысты форумға Astana Hub, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа да даму институттарының қатысуы мақұлданды

Сондай-ақ оқыңыз