«Мақтанғаным емес»: Жұманғарин экономика мұнайсыз да дамып жатыр деп тұжырымдайды

2026 жылдың 4 айында Қазақстанда 5 млн тонна мұнай кем өндірілген. Егер осы мұнай көлемі толық шығарылса, экономика өсімі осы кезеңде 6 пайыздан асар еді. Бұл туралы мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары- ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Айта кетейік, 4 айда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 6 пайыздан екі еседей аз, 3,6 пайызды құраған.
Жұманғарин қазақ экономикасы шикізат саласының қолдауынсыз-ақ өсе алатынын дәлелдеді деген пікірде.
«Қазір шикізаттық емес сектор тұрақты дамып келеді. Мақтанғаным, емес, мен мақтанғанды аса ұнатпаймын, қазір экономиканың қай салалары өсім дрейверіне айналғанын қарасаңыз болады. Өңдеу өнеркәсібі 10 пайыз өсім көрсеткен, оған қоса сауда-саттық, құрылыс салалары дамып келеді», – деді ол.
Бұған дейін Жұманғанин Салық кодексі күшіне енгелі 208 мыңнан аса жеке кәсіпкер жабылғанын жазған. Министр бұл да алаңдатарлық жағдай емес деп тұжырымдайды. Олардың көпшілігі еш салық төлемеген, жұмыс істеп тұрмаған кәсіпкерлер. Жұманғарин осы процесс экономиканың «көлеңкеден» шығып, ашық жұмыс істеуге көшуіне ықпал етіп жатқанына сенімді.