Қызылорда облысының әкімі Ергешбаевтың Мәжілістегі өкілеттігі тоқтады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: t.me/mazhilis_kz

Қызылорда облысы әкімі болып тағайындалған экс-депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаевтың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚР Конституциясының 52-бабына сәйкес, сондай-ақ «ҚР Парламенті туралы» ҚР Конституциялық заңына байланысты 3.8-тармағының 24-бабына байланысты ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс енгізеді», – деді ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.

Палата отырысында депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылданды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов белсенді жұмыс атқарған Мұрат Ергешбаевқа алғысын білдірді.

Мұрат Ергешбаев туған еліне әкім болып бару өте үлкен жауапкершілік екенін айтты.

Еске салсақ, 8 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Ергешбаев жаңа қызметте Нұрлыбек Нәлібаевтың орнына келді. Қызылорда облысын төрт жыл басқарған Нәлібаев вице-премьер қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз