«Астана» футбол клубы Әлем чемпионатынан 264 мың доллар табыс табады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media

«Астана» футбол клубының жартылай қорғаушысы Иван Башичтің 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысуы елордалық ұжымға қомақты қаржылай табыс әкелуі мүмкін.

Босния және Герцеговина құрамасының бапкері Сергей Барбарез Иван Башичті мундиалға баратын ұлттық құраманың түпкілікті тізіміне қосты. ФИФА биыл клубтарға төленетін өтемақы қорын рекордтық 355 млн долларға дейін ұлғайтты.

Клуб қанша табыс табуы мүмкін?

ФИФА ережесі бойынша, клубтар ойыншының құрама сапында болған әрбір күні үшін (дайындық кезеңін қоса алғанда) өтемақы алады. 2026 жылғы Әлем чемпионаты үшін нақты күндік мөлшерлеме бекітілмесе де, ол күніне кемі 11 мың доллар болуы ықтимал (өткен турнирде 10 мың доллар болған).

Босния және Герцеговина құрамасы топтық кезеңнен шықпаған күннің өзінде «Астана» футбол клубы кемі 264 мың доллар табыс табады. Ал егер топтық кезеңнен ары қарай өтетін болса оданда көп қаржы табу мүмкіндігі бар.

Иван Башич «Астана» сапында 2024 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келе жатқандықтан, клуб ФИФА төлемдерінің басым бөлігін иеленуге құқылы. Тіпті ең төменгі кепілдендірілген 264 мың доллардың өзі қазақстандық футбол тарихында бір ойыншы үшін ФИФА-дан берілетін ең жоғары өтемақы рекорды болмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Fox арнасы әлем чемпионатының барлық ойнын көрген адамға 50 мың доллар төлейтінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз