Түркістанда саммит қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Түркістан қаласында қауіпсіздік күшейтілді
Arlan берен көліктері де Түркістан қаласында жүр / фото: polisia.kz

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңында Түркістан қаласында қауіпсіздік күшейтілді. Қалаға полицияның жүздеген қызметкері ғана емес, ондаған техника тартылды.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов бастаған полиция басшылығы күш құрылымдарының дайындығын тексерді. Олардың алдында ауқымды гарнизон сап түзеп тұрды.

Түркістан қаласында қауіпсіздік күшейтілді
Түркістанда жүрген жауынгерлер / фото: polisia.kz

Сапқа полицияның жеке құрамы, құқық қорғау және күш құрылымдарының өкілдері, сонымен бірге ресми делегацияларды алып жүретін қызмет көліктері шығарылды.

Polisia.kz жариялаған суреттерден Arlan берен көліктерінің де Түркістан қаласында жүргенін байқауға болады.

Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті 15 мамырда Түркістан қаласында өтеді. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және басқа да елдердің басшылары мен өкілдері қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз