Дональд Трамп ұшағы Қытайға қонды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Трамптың Қытайға сапары
АҚШ президенті Дональд Трампты Бейжіңде күтіп алу рәсімі REUTERS/Evan Vucci

АҚШ Президенті Дональд Трамп Бейжіңге келіп, ұшақтан түсті. Әуежайда оны арнайы салтанатты рәсіммен қарсы алды. Сапардың маңызын көрсету үшін Қытай басшысы Си Цзиньпин делегацияны қарсы алуға жоғары лауазымды тұлға, Қытай вице-президенті Хань Чжэнді, жіберді деп жазады CNN.

ҚХР ресми тұлғалары Трамппен қол алысып амандасты, айнала әскерилер мен Қытай және АҚШ туларын ұстаған қалың көпшілік.

Трампты Бейжің әуежайында күтіп алу рәсімі / фото: Getty Images
Трамптың ұшағын суретке түсіріп жатқан тұрғындар / фото: Getty Images

Өз кезегінде Трамппен Қытайға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио және президенттің ұлы Эрик Трамптың әйелі Лара Трамп келді. Сондай-ақ америкалық делегация құрамында миллиардер Илон Маск та бар.

Америка көшбасшысының мемлекеттік сапары 15 мамырға дейін жалғасады. Негізгі іс-шаралар 14-15 мамырға жоспарланған.

Алдын-ала мәліметке қарағанда, кездесуде Қытай АҚШ-қа тиім ұсыныс жасап, оны америкалық тарифтер мен басқа да сауда шектеулеріне алмастыруға тырысады

Сондай-ақ оқыңыз