Мұқасан Шахзадаевтың ісі: жәбірленуші Ғалымжан өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты

Танымал әнші Мұқасан Шахзадаев Ғалымжан Сүлейменді аяусыз соққыға жыққаннан кейін, үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда іс әлі күнге дейін сотқа жетпей, құзырлы органдар тарапынан кешеуілдеп жатыр. Жәбірленуші жағдайды «белгілі бір тұлғалардың ықпалы» деп бағалап, өміріне қауіп төніп тұрғанын ашық айтты.
Өміріме қауіп төніп тұр
Ғалымжанның айтуынша, оны көшеде екі жігіт ұстап алып қорқытқан.
Тіпті көлігімнің дөңгелектерін босатып кеткен жағдайлар да болды. Қазір мен өмірім үшін қатты қорқамын», – дейді Ғалымжан.
Жәбірленуші шабуылдың артында белгілі бір топтардың мүддесі тұруы мүмкін екенін меңзеді.
Іс неге созылып жатыр?
Заңгер Инга Иманбай да іс сотқа жетпей жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 107-бабы (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) бойынша іс қозғалған. Оқиғадан бері жарты жыл өтсе де, іс әлі күнге дейін сотқа жолданбаған. Заңгердің пайымдауынша, істің баяу жүруіне белгілі бір лауазымды немесе танымал тұлғалардың ықпалы болуы мүмкін.