Астанада интернет-алаяқтың құрбаны болған бойжеткен өзіне қол жұмсады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
алаяқ
Интернет-алаяқтар тағы бір адамның өмірін жалмады / фото: shutterstock

Астана полициясы 20 жастағы қыздың өзіне қол жұмсауына не себеп болғанын тексеріп жатыр. Бойжеткен интернет-алаяқтың құрбаны болуы мүмкін.

«Интернет-алаяқ қармағына ілігіп, өзіне қол жұмсаған 20 жастағы қыздың өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр», – деп хабарлады елордалық полиция департаменті ҚазАқпарат агенттігіне.

Бұған қоса полиция инернет-алаяқтың әрекетіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғаған. Тергеу барысында осы қылмысқа қатысы барлар анықталады.

Астана полициясындағылар мәселені тергеуші өндіріске алғанын хабарлады. Тергеу мекемесі істегі мүдделі адамдармен, адвокаттармен байланыс орнатқан. Қайғылы оқиғаның қалай болғаны тергеу барысында анықталады.

Осының алдында жас қыздың өлімі әлеуметтік желілерде талқыланған. Осы оқиғадан шошып қалған жұрт интернет-алаяқтармен күресті күшейтуді талап етіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын Жамбыл облысында мектеп оқушысының өзіне қол жұмсау ісі бойынша үш адам сотталған.

Сондай-ақ оқыңыз