Алматы халықаралық әуежайының шетелдік топ-менеджері ауысты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Әуежайдың басшылығы ауысты Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы халықаралық әуежайының шетелдік топ-менеджері ауысты. Бұл шешімді әуежайдың жалғыз акционері шығарған.

Қабылданған құжатқа сәйкес, әуежайдың директорлар құрамынан Акылдыз Джандемир шығарылып, оның орнына Дорук Карабулут директорлар кеңесінің мүшесі – Компанияның тәуелсіз директор болып сайланған.

Сонымен қатар директорлар кеңесінің мүшелері: Ерна Сирри Мете, Гокер Косе, Джан Алптекин, Умут Эрджевахир и Юджел Олгун қайта сайланды. Бұл топ-менеджерлердің барлығы Қазақстан азаматы емес.

Алматы әуежайы 2021 жылдан бері TAV Airports халықаралық холдингінің құрамына кіреді. Оған дейін аталған нысан Venus Airport Investments B.V. компаниясының иелігінде болған еді.

Ал TAV Airports Holding компаниясының меншік құрылымына тоқталсақ, оның 46,12% акциясы француздық Aéroports de Paris SA тобына тиесілі. Бұл топтың негізгі акционері – Франция үкіметі (50,6%). Сонымен қатар, холдингтің 4,06% үлесі түріктің Bilkent Holding Company құрамына кіретін Tepe Insaat Sanayi A.S. құрылыс компаниясына тиесілі.

Бұған дейін халықаралық әуежай 6,8 млрд теңге дивидендті заңсыз төлегені анықталған.

Сондай-ақ оқыңыз