Қазақстан мұнайшыларының орташа айлық жалақысы 1,8 млн теңгеден асқан

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Мұнайшылардың жалақысы қанша Фото: shutterstock

2026 жылдың алғашқы тоқсанында мұнай саласында тер төгіп жүрген 48 мыңға жуық маманның орташа айлығы 1,8 миллион теңгеден асты. Бұл туралы Energy Monitor телеграм-арнасы жазады.

Соманың ішіне барлық сыйақылар мен салықтар кіретінін ескеру керек. Қызығы сол, биыл мұнайшыларды темекі шығаратын компания қызметкерлері басып озды: олардың табысы орташа есеппен шамамен 2 миллион теңгеге жетті.

Ал жалпы Қазақстан бойынша орташа жалақы көрсеткіші 461 мың теңгені құрап отыр.

Өңірлерге келсек, биыл үлкен өзгеріс бар. Ұзақ жылдар бойы ең жоғары жалақы бойынша көш бастап келген Атырау облысы үшінші орынға сырғыды.

Бұған Теңіздегі ірі жобаның аяқталуы әсер еткен көрінеді. Қазір ең жоғары айлықты Маңғыстау (659 мың тг) пен Ұлытау (655 мың тг) облыстарының тұрғындары алып жатыр.

Ал ең төменгі жалақы әдеттегідей Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді, ондағы көрсеткіш – 326 мың теңге.

Бұған дейін Кursiv.Media мұғалімдер қандай жалақы алатынын жазған.

Сондай-ақ оқыңыз